Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Сәуір, 2017

Т.Сүлейменов: Стратегиялық даму жоспары Қазақстанның дамыған елдердің 30-дығына кіру негізі болмақ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің төрағалымен өткізілді. Талқылауға жетекші экономистер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар қатысты,  деп хабарлайды BNews.kz   тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Құжатты әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жоспардың жобасы Үкіметке биылғы тамызда енгізілді.

Құжаттармен жұмыс жасау үшін ұлттық экономика министрлігінде құрамына мемлекеттік органдар, ірі компаниялар, бизнес, ҰКП өкілдері, жетекші экономистер, қоғам қайраткерлері, халықаралық сарапшылар кірген жұмыс тобы құрылып отыр. Бұл топтың отырысы аптасына бір рет тұрақты түрде өткізіледі.

Бұдан басқа, сарапшылардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін 4 бағыт бойынша жобалық топтар құрылды, оған апта сайын жиналатын ірі компаниялар, ғылыми зерттеу институттары өкілдері, жетекші экономистер және қоғам қайраткерлері тартылған. Бұл топтың жұмысы экономикалық өсім, макроэкономикалық тұрақтылық және технологиялық жаңғырту; кәсіпкерлік, бәсекелестік орта, қаржылық нарықтар және инвестициялар; адам капиталын дамыту, бірыңғай болашақтың ұлты және өмір сапасын артыру; институттар мен мемлекеттік басқарудың тиімділігі секілді бағыттарда жүргізіледі.

Жұмыс тобының алғашқы отырысында ұйымдастыру және аталған жұмыстарға тұрғындарды тарту мәселелері талқыға салынды. Осы мақсатта онлайн-сұрақтар, сауалнама және интернет-конференцияларды іске қосу жоспарлануда.

«Елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстанның әлемдегі дамыған елдердің 30-дығына кірудің негізі болуы және экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының жаңа моделін құруы тиіс»,- деп атап өтті Сүлейменов.

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз