Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Сәуір, 2017

Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру нысандарының тізіміне өзгерістер енгізді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2016-2020 жылдардағы жекешелендіру нысандарының тізімі өзгертулерге ұшырады. Оларға «Қазақстан инжиниринг» АҚ төрт еншілес компаниясы: «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС, сондай-ақ 51% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ тиесілі «Энергия Семиречья» ЖШС қосылды. Өзгертулер ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы тиісті қаулысына енгізілді,  деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

Бұған қоса, енгізілген өзгертулерге сәйкес қордың жекешелендіруге жататын нысандар тізімінен 7 актив алынып тасталды: «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ, «АЗПМ» ЖШС, «Қайрат» Футбол клубы» ЖШС, «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Арсенал Машзавод» БК» ЖШҚ, «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС, сондай-ақ «Ұлан» ААҚ.

«Бұл нысандарды жекешелендіру тізімінен алу туралы шешім стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарда мемлекеттің үлесін сақтап қалу қажеттілігіне немесе оларды жекешелендірудің тиімсіздігіне байланысты қабылданды. Сонымен қатар, экономикадағы мемлекеттік үлесті азайтып, орынды жерде жеке секторға көшбасшылық рөлді беру мақсатында біз жекешелендірудің қосымша нысандарын үнемі іздестірудеміз. Осыған байланысты біз жекешелендіруге шығатын активтер тізіміне «Қазақстан инжиниринг» АҚ меншігіндегі төрт нысанды және «Самұрық-Энерго» АҚ бір активін қосу жөнінде ұсыныс жасадық»,- деп түсіндірді «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.

Енгізілген өзгертулерді ескере келе, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ 215 активті бәсекелестік ортаға тапсырады. Қазіргі уақытта Қор компаниялар тобының құрамынан 124 кәсіпорын шығарылды.  ІРО арқылы жекешелендіруге жататын ірі нысандарды есептемегенде, қалған аквтитерді 2018 жылдың соңына дейін сату көзделуде. ІРО нарығына шығудың индикативтік мерзімі 2020 жылдың соңына дейін белгіленген. Бұл ретте Қор елдегі макроэкономикалық ахуалды және нарықтағы жағдайды ескереді. Жекешелендірілетін активтер туралы ақпарат privatization.sk.kz сайтында.

1331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз