Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2017

Елбасы: Бiз қазiргi заман талаптарына сай айбынды әскер жасақтадық

Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Қарулы күштерiнiң 25 жылдығына арналған әскери парад өтiп жатыр. Ел тарихындағы ең ауқымды шерудi Елбасы – ҚР Қарулы күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

 «Тәуелсiздiк жылдары әскерiмiз бес қаруы сай, заманауи үлгiдегi айбынды армияға айналды. Сарбаздарымыз бүгiнде – Ұлы даланың сенiмдi қорғаны, азаматтығымыздың қыраны. Бiз қазiргi заман талаптарына сай келетiн әлеуеттi әскер жасақтадық. Ел қауiпсiздiгiнiң басты бағыттарын қолға алып, әскери доктрина да қабылдадық. Жауынгерлерiмiз жердiң әр түпкiрiнде бiтiмгершiлiк миссияларын абыроймен атқарып шықты. «Жауынгерлiк тәрбие әскери киiммен емес, жөргектен басталады» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Жерiнiң қауiпсiздiгiн, елiнiң тыныштығын қорғау – әр азаматтың қасиеттi парызы, абыройлы мiндетi. Сiздер шекара бүтiн болу үшiн қалтықсыз қызмет етiп келесiздер, соның арқасында бiздiң қасиеттi жерiмiз сенiмдi қорғалуда», - деген Мемлекет басшысы барша қазақстандықты мерекелермен құттықтады.

Бүгiн қазақстандықтар алғаш рет 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің жауынгерлiк арсеналын толықтырған отандық және шетелдiк өндiрiстiң су жаңа әскери техникасын, қару-жарақтың жаңа үлгілерін өз көздерiмен тамашалау мүмкiндiгiн алды. 2017 жылғы әскери парад қазақстандық армияның ең iрi маршы болмақ. Алаңда шамамен 26 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметшi салтанатты маршпен жүрiп өттi. Көзтартарлық шараға 300-ге жуық әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгiлерi тартылды. Қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70 жуық авиациялық техникасы паш еттi.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша Отан қорғаушылар күнi мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнi қарсаңында әскери қызметкерлерге мемлекеттiк наградалар табыстап, ерлiгiмiн көзге түскен азаматтарды марапаттады. Сондай-ақ, Елбасы жиында биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап әскери қызметкерлердiң жалақысын 25 пайызға өсiру туралы шешiм қабылдағанын айтты.

764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз