Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2017

Дәурен Абаев қазақстандықтарды қос мерекемен құттықтады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев барша қазақстандықты Отан қорғаушылар күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Қадірлі достар!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Орайлас келген қос мереке аясында Отанымыздың бүкіл тарихында ел қорғаған арыстарға құрмет көрсету, сондай-ақ қазіргі күні халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Ел қорғауда қаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен бабаларымыздың арқасында біз бірлік пен келісім салтанат құрған әлеуетті мемлекетте өмір сүрудеміз. Қарулы Күштеріміздің айбыны асқақтай берсін! Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын»,- деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

665 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз