Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2017

Астанада бір тәулікте 35 000 Жеңіс лентасы таратылды

Қалалық алаңда Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен «Жеңіс лентасы» акциясы басталды. Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

 6 мамырда елордада 20 000 лента таратылды. 7 мамырдағы мәліметке сәйкес, акцияға тағы 15 000 адам қосылған. Үш күн ішінде барлығы 100 000 лента тарату жоспарланған.
«Мамырдың 6-сынан 9-ына дейін ленталар тегін таратылады. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, - дейді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов. - Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерлігін құрметтеу. Осынау Жеңіс күніне жеткізген аталарымызға, әкелерімізге, аналарымызға тағзым етеміз».

Ленталар 6-9 мамыр аралығында 10:30-дан 18:30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, «Хан Шатыр» СОСО маңында, қалалық алаңда, Студенттер бағында, «MegaSilkWay» сауда орталығында таратылады.

610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз