Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2017

«Арландардың» ширек финалдағы құрамы мен қарсыласы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясында «Astana Arlans» клубының ширек финалдағы қарсыласы ресейлік «Patriot Boxing Team» командасы екені анықталды.

 Осы бокс кешіне қос команда құрамы төмендегідей:

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сагалуев Батор-Жүсіпов Теміртас

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Шарафутдинов Дмитрий-Сүлейменов Ілияс

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мазур Алексей-Мижігітов Ділмұрат

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ковальчук Андрей-Айдаров Сапарбай

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Квасников Илья-Пинчук Антон. Қазақстандық команда ресейлік «Patriot Boxing Team-ге» қарсы алғашқы кездесуін 11 мамыр күні Кемеровте өткізеді. Ал мамырдың 20 күні қос команда Алматы қаласында он екі мыңдық «Алматы Арена» кешенінде кездеседі.

Айта кетейік, «Astana Arlans» пен «Patriot Boxing Team» командалары осыған дейін топтық кезеңде кездесіп үлгерген болатын. Қос кездесуде де біздің команда сыртта 3:2 есебімен, ал өз алаңында 4:1 есебімен жеңді. Ширек финалда жеңіске жеткен команда «France Fighting Roosters» мен «British Lionhearts» жекпе-жегінде ұтқан клубпен жолығады.

alzhan.kz

639 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз