Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Шілде, 2018

Трамп Путинмен оңаша сөйлеспек – CNN

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Хельсинкидегі кездесудің алдында оңаша сөйлесуді жоспарлайды. Бұл туралы CNN телеарнасының жаңалықтары хабарлады.

Путин мен Трам 16 шілдеде Хельсинкиде кездесуі тиіс. Ал Трамп өзге елдердің делегациясы жиналмас бұрын Путинмен жеке сөйлесіп алуды қалап отыр.

Сингапурдегі АҚШ-КХДР саммиті кезінде Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен үш сағат бойы оңаша сөйлескен еді. Ол уақытта кабинет ішінде тек аудармашылар ғана болған.

Екі ел басшыларының кездесу қорытындысына сәйкес, Трамп Корей жарты түбегіндегі ядролық қаруды жою туралы құжатқа қол қойып, ядросыздандыру процесінің «өте жылдам» жүретінін мәлімдеген. Екі ел басшыларының кездесуіне әлемдік саясаткерлер оң баға беріп, болашақта тың өзгерістердің болуы мүмкін екенін айтты.

Ал Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуінен әлеиһмдік сарапшылар үрейленіп отыр. Мәселен Ұлыбритания билігі екі тараптың келіссөздері нәтижесінде АҚШ НАТО-ның Норвегияда жоспарланған оқуларынанәрі Польшада америкалық база құру туралы ойдан бас тарта ма деп қорқады.

Трамптың өзі бұл кездесудің нәтижелі болатынан үмітті. Оның ойынша, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасындағы шиеленістің орнын сындарлы серіктестік басады. Мәскеу мен Вашингтонның арасы түзеліп, халықаралық қауіпсіздік нығаяды. Путиннің де ойы Трамптан алшақтап тұрған жоқ. Ресей басшысы бұл келіссөздердің аса маңызды екенін айтады.

503 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз