Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Шілде, 2018

Елім менің

Елім менің -  көк байрағы желбіреген көгінде, Тәуелсіз ел атануың тегін бе?! Ата-бабам аңсап өткен азаттық, Заң жүзінде мақұлданды бүгінде.

Елім менің - көк тіреді астанаң, Астана ол нұрлы қалам, бас қалам. Бәйтерегі көк аспанмен тілдескен, Менде бүгін Астанаммен мақтанам.

Елім менің  - елі сүйген Елбасым, Игі істерде халқың сені қолдасын. Білім алған көп жастарың бүгінде, Жолдамамен ауыл жақты таңдасын.

Елім менің - ана тілім құралым, Бір өзіңнен жыр дестесін құрамын. Абай, Мағжан жырлап өткен ұлы тіл, Сан тілдердің патшасы деп ұғамын.

Елім менің - бетке ұстар айбарым, Ақтабан боп қай қиырға бармадың. Елің бүгін атанғанда азат ел, Қайта оралшы нұрлы көшпен қаймағым.

Кайнышева Меруерт Қыдырбайқызы

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

2706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз