Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Тамыз, 2018

Шегірткеден жасалған нан

Финдық Fazer Food Services (Хельсинки) компаниясы  жәндіктерді тағамға пайдалану мақсатында арнайы өсіретіндігін ресми түрде мәлімдеді. Жақын арада Хельсинки қаласының дүкен сөрелерінде ерекше табиғи қоспаның негізінде пісірілген нан партиясы пайда болмақ. 2017 жылдың қыркүйегінде фин билігі жәндіктердің тамақ өнімдері ретінде  өсірілуі мен сатылуын мақұлдады. Осылайша «Болашақтың тағамы» аталып кеткен құрамында кептірілген шегіртке ұны бар нанның жаңа түрі шығарыла бастады. Мұндай ерекше дәмді нанның бір бөлкесі шамамен бес доллар тұрады.  Нанның әр талына кептіріліп, ұнтақталған шегірткенің 70-ке жуық саны  пайдаланылған. Өнімді шығарушы компания өкілдерінің айтуынша, «шегіртке нанында»  ағзаға пайдалы ақуыздың мөлшері көп, әрі нанның өндірісінен қоршаған ортаға  тигізілетін залал жоққа саяды.

1502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз