Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Тамыз, 2018

Астана әкімі мектептер мен тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарының салыну жұмыстарын бақылауға алды

Балабақша, мектептердің кіреберіс жолдарын қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп салу – Астана әкімі Әсет Исекешев бірқатар объектілерді аралаған кезде осындай тапсырма берді. Бұдан басқа, тұрғын үйлерге жол салу мәселесі де ерекше бақылауда тұр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қолайлы қалалық ортаны жасау ісінде ұсақ-түйектер болмайды, бұл қауіпсіздік пен тұрғындарға ыңғайлы болуға қатысты мәселе. Қалалық қызмет көрсету де осы мәселені шешуі тиіс. Мен мұны жеке бақылауымда ұстаймын және Ikomek қалалық қызметі арқылы мониторинг жасап отырамын», - деді астана әкімі.

Өткен жылы 33 білім беру нысаны қайта қалпына келтіріліп, жол белгілері ауыстырылды, жүретін жолдардың шыға берісі қайта жөнделіп, 11 білім беру нысанының көлік тұрағы кеңейтілді. Жоспарлы түрде жабық типтегі аялдамалар орнатылып, жарықтандыру жүргізілуде. Осы жылы тағы 13 нысандағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған.

Аралау кезінде Астана әкімі жұмыс барысына инспекция жасады. Ең бірінші нысан, № 66 мектеп-лицейге келіп тоқтады. Мұнда дәл қазіргі таңда оқу жылына дейін аяқталуы тиіс мектепке кіре беріс жолдардың төсем жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бұл мектептің кіре беріс жолының жоқтығы осымен бірінші жыл емес. Осыған байланысты балалардың ата-аналары мен мектеп оқытушылары бірнеше рет шағымданған болатын. Қазір кіре беріс жолдың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталу кезеңіне жақын. 1 қыркүйекте тиісті жұмыстардың бәрі бітеді», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Бұдан кейін Әсет Исекешев Мәңгілік ел 28/1 даңғылы бойындағы № 76 және № 75 мектептерге, Мәңгілік ел 22/2 даңғылындағы №87 «Қадыр» балабақшасына барды. Аталған нысандардың жауапты тұлғаларына қатаң сөгіс берілді. Ә. Исекешев аз уақыт ішінде айтылған кемшіліктерді жоюды тапсырды.

«Барлық осы нысандар бойынша кіре беріс жолдарды кеңейтіп, көлік тұрағын салып, Ә. Бөкейхан көшесінен толассыз шығып кететін жол салу қажет. Жақында оқу басталғалы отыр. Көлік ағыны көбейе түседі. Біз балалардың басын қауіпке тіге алмаймыз. Сондықтан барлық жауапты тұлғаларға жуық арада осы мәселені шешуді тапсырамын», - деді Астана әкімі.

Бұдан басқа, аралау кезінде Әсет Исекешев № 29 көше мен Керей Жәнібек хандары, «Саранда» ТК ауданында болып қайтты. Мәңгілік ел даңғылынан бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін № 29 көшедегі жол-құрылыс жұмыстарымен танысып шыққан әкім, жауаптыларға басталған жұмысты соңына дейін жеткізуін және де ағаш отырғызу мен беткі шым қыртысын төсеу жұмыстарын да тапсырды.

«№ 29 көшені Вена кварталы мен Есіл ауданындағы тұрғын алаптарына дейін жеткізу қажет. Бұл өте маңызды-принципті түрде жасалатын жұмыс, себебі қала халқының саны жылдан жылға өсіп келеді. Барлық мәселе бойынша сапалы жағдай жасауымыз қажет. Жауаптыларға қысқа мерзімі ішінде осы мәселені шешуді тапсырамын», - деді Ә. Исекешев.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы айтқандай алты жолақты жаңа жолдың ұзындығы бір километрді құрайды. Нәтижесінде

№ 29 көшенің құрылысы Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылындағы жол-көлік желісінің жүктемесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, қарқынды құрылыс жоғарыда аталған аудандарда инженерлік желілер және кіреберіс жолдар жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде де қамтамасыз етілмек.

1298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз