Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2018

Назарбаев Италияның Генуя қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Ол зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

579 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз