- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Қаңтар, 2019
Алматылықтар Дінмұхамед Ахметұлын еске алды
Бүгін Алматыда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А. Қонаевты еске алу шарасы өтті.
Шара Д. Қонаев бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Оған Д. Қонаевтың қызметтестері, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері, қаланың құрметті тұрғындары, Алматы қаласы БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Еске алу ресімінде мемлекет және және қоғам қайраткері Шәнкерей Жәнібеков сөз алып, қоғам қайраткерінің еңбек жолындағы ілкімді істерін атап өтті. Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының курсаттары Д.Ахметұлының бюстіне гүл шоқтарын қойып, көкке бейбітшілік құсын ұшырды.
Дәл осы күні Дінмұхаммед Қонавтың өмірі мен еңбек жолы жайында "Lyam studioсының" демеушілігімен түсірілген фильм көрсетілді.
Қайрат Сағынғалиұлы,
Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының орынбасары:
-Бүгін өте айтулы күн. Себебі, бұл күн Д. Ахметұлының туған күні. Сондықтан бұл күн еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған. Д.Ахметұлының елге сіңірген еңбегі, сол кездегі елдің экономикалық дамуы, өнеркәсіптік потенциалдың артуы үлкен бір әңгіменің арқауы. Ол кісінің өмір жолы, артымыздан еріп келе жатқан ұл-қыздарымызға үлгі-өнеге, соларды жақсылыққа тәрбиелеуге шақырады. Алматы қаласы музейлер бірлестігіне кіретін Д.Ахметұлы музейі отандастарымызға, шет елден келетін қонақтарымызға көрсетіп, дәріптеп отыру біздер үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, бұл үлкен жауапкершілікті біздер өз деңгейінде орындаймыз деп сендіргім келеді.
Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхаммед Ахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Шараға қатысқан көпшілік қауым Д.Ахметұлы музейі мен мемориалды пәтерін көріп, тамашалап қайтты.
Дайындаған:
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото),
Алихан ЖАНАРБЕК (видео)
41358 рет
көрсетілді0
пікір