Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Ақпан, 2019

Наркескен: «Латын әліпбиі: үміт пен күдік»

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы талқының тақырыбы «Латын әліпбиі: үміт пен күдік» деп аталды. Наурыз айында латын әліпбиінің орфографиялық ережесі бекітілетініне орай тіл мамандары бас қосып, келелі кеңес өткізді. Дөңгелек үстелге А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының басшылары мен мамандары қатысты. Бүгінгі емленің ережелері мың ой, жүз толғанудан өтіп, сарапталып, нәтиже мәтіні «Егемен Қазақстан» басылымында жарияланған болатын. Дегенмен, «Латын әліпбиі: үміт пен күдік» атты дөңгелек үстелде бас қосқан тіл мамандары осы нұсқаның әлі де жетілдіре түсетін,  талқылана түсетін тұстары мен кемшіліктері барын жасырмады. Талқы барысында И мен У-дың емлесі, бірге/бөлек жазылатын сөздер және шеттен енген сөздердің жазылуының мәселелері бары айтылды. Айта кетейік, «Наркескен» интеллектуалдық-пікірсайыс клубы 2018 жылдың қарашасында Ұлттық кітапханамен бірлесе құрылды. Негізгі бағыт – қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік тақырыптарды ортаға салу, түрлі мамандармен пікірсайыс ұйымдастыру. Латын әліпбиіне қатысты басқосудың толық мәтіні «Ана тілі» апталығының алдағы сандарының бірінде басылатын болады.

Ақбота Мұсабекқызы Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы Видеоны түсірген: Алихан Жанарбек

42933 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз