Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Сәуір, 2019

Наркескенде "Теле-ақпараттық саясат: бүгіні мен ертеңі" тақырыбы талқыланды

Бүгін «Ұлттық кітапхананың» «Кітапханатану» залында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» — интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысы өтті. Талқыға салынған өзекті тақырып - «Теле-ақпараттық саясат: бүгіні мен ертеңі». Телевизия - қоғамдық пікірді қалыптастырып, əлеуметтік санаға қозғау салу жолында ықпалы зор күшті құрал дегенімен, қазіргі телеақпараттық саясаттың ақпарат кеңістігіндегі беделі бəсең. Оның себебі неде? Көгілдір экранда саяси сараптамадан гөрі ойын-сауықтық бағдарламалар басым. Журналистердің сөйлеу мәнері, эфир мəдениеті жəне көрерменнің деңгейі мен сұранысы секілді телеарнаға қатысты маңызды мəселер пікірталаста қызу талқыға түсті. Эфир мəдениетін рейтингке ауыстырып, тəрбиелік, рухани, құндылықтардың құлдырауы, кəсіби тұрғыда шеберлігі шыңдалған мамандардың тапшылығы, хайптар мен фейктер заманының қалыптасуы бүгінгі телеарнаның шешімін таппаған күрделі мəселелерінің бірі.

Дөңгелек үстелге Нұртілеу Иманғалиұлы, Ғалия Əженова, Қасым Аманжол, Гүлмира Əбіқай, Бақыт Жағыппарұлы секілді телерадиожурналистиканың майталман мамандары қатысты.

"Наркескен" көтерген өзекті пікірталастың толық нұсқасын "Ана тілі" апталығының алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

 

Гауһар Түстікбаева. "Қазақ газеттері" ЖШС

 

Суреттердi түсірген: Досжан Балабекұлы

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек

38646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз