Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 15 Тамыз, 2019

Екі аяғы жоқ қазақ баласы "Ливерпульге" УЕФА Суперкубогын табыстады (фото, видео)

Екі аяғы жоқ 11 жастағы Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогі үшін өткен "Ливерпуль" - "Челси" матчіне қатысты. Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы марапаттау шарасына қатысып, жүлдені табыстады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасаған KAZGAZETA.KZ.

УЕФА-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әлидің жұлдызды ойыншылардың қасында тұрғанын байқауға болады.

Фотоларға сәйкес, қазақ баласы ойыннан кейінгі марапаттау шарасына қатысқан.

Желіде тарап кеткен видеоға сүйене отырып, Әли УЕФА басшысы Александр Чеферинмен бірге Супекубокті табыстағанын айтуға болады.

Алайда, "Ливерпуль" капитаны Джордан Хендерсон жүлдені біраз уақытқа қазақ баласына қайтарып, көпшілікті тәнті етті.

Футболшының бұл қылығы ел қошеметіне ие болған.

Айта кетейік, кеше түнде "Ливерпуль" мен "Челси" өзара УЕФА Суперкубогының иегерін анықтады. Стамбұлда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында "қызылдар" алға шықты.

 

40319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз