- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Тамыз, 2019
ҮШҚОҢЫРДА «ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ КИІМІ МЕН ТАҒАМЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Алматы облысындағы Үшқоңыр тауының етегінде орналасқан Nomad этноорталығында 11-17 тамыз аралығында ұлы қазақ даласының төл мәдениеті мен ата-бабаларымыздың көшпелі өмірінен сыр шертетін этнофестиваль болып өтті.
Бір аптаға созылған мәдени шарада қонақтар қазақ ұлттық киімдерінің тігілуі мен ұмыт болған ұлттық астардың мәзірімен және тағам дайындаудың қыр-сырымен танысты. Шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Фестиваль бағдарламасының жүзеге асуына ұлттық тағамдар асханасының таңдаулы аспазшылары, білікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер атсалысты. Қонақтарға шеберлік сағаттары мен этно-көрсетілімдер, сонымен қатар әскери парадтар, ұлттық музыка концерттері, атпен серуендеу ұсынылды.Ежелгі номадтардың көшпелі өмір салтын бейнелейтін фестивальға жиналған халықтың қарасы көп болды.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан тамашалай аласыздар.
Үміт Жұмаділова,
Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек
55866 рет
көрсетілді0
пікір