Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қыркүйек, 2019

Мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына жатқызылады

Бүгін ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын, өйткені онда ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет ететінін атап айтты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

«Мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына жатқандықтан, ондай қалмыс жасағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару  мүмкіндігінен айырылады. Елімізде азаматтардың 40 пайызы ауыл төңірегінде тұрады. Мал - ауыл өмірінің тірегі, кірісінің көзі. Сондықтан мал ұрлығын қылмыстық топпен ұйымдасып жасаған жағдайда ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Өйткені, мал ұрлығы кәсіпке айналған. Шығарып беретін біреу бар, соятын біреу бар, тасымалдайтын біреу бар, базарда сататын біреу бар, жалған анықтама алып беретін  тағы біреу бар. Сондықтан, оны ауыр қылмысқа жатқызып отырмыз. Өйткені, мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болып отыр», - деді ҚР бас прокурорының орынбасары Мұрат Ахметжанов ОКҚ баспасөз мәслихатында.

1460 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз