Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қыркүйек, 2019

Пойыз бен автобус соқтығысуы салдарынан зардап шеккен балаға ота жасалды

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір – Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның денсаулық жағдайы туралы жаңа мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Қарасай аудандық орталық аурухананың базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға операция жасады, әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр.

Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылды. Олар - Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының, Алматы қалалық № 1 клиникалық ауруханасының балалар және үлкендер нейрохирургтары, травматологтары мен реаниматологтары. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған, пациенттер жағдайы туралы сағат сайын хабарланып отыр.

Еске салсақ, 15 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында «Алматы - Қостанай» бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы мен «Алматы - Қаскелең» бағытындағы «Сетра» маркалы автобус соқтығысып, соның салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, 3 жолаушы - 1986 жылғы әйел адам мен оның 2014 және 2016 жылы туған балалары зардап шеккен. Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

826 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз