Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қазан, 2019

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында «Хабар» Агенттігіне сұхбат берді

«Хабар» Агенттігі Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында, Беларусь мемлекетінің Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтып, болашақта одан ары қарайғы қарым-қатынастың белсендіру жолдарының келешегі, сондай-ақ, тауар айналымның өсуі жөнінде айтты, деп хабарлайды "Хабар" Агенттігінің баспасөз қызметі.

А. Лукашенко Евразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқтады. Сондай-ақ, Беларусь Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі этаптарға тоқтап, өз түсінігіндегі «тәуелсіздік» сөзінің негізгі мағынасын, мәнін түсіндірді.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко беларусь-қазақтандық ынтымақтастықтың оң бағытта дамитынына сенімді. Бұл туралы ол «Хабар» информагенттігіне айтты,-деп хабарлайды БЕЛТА тілішісі. Жаңа Президент басқару кезеңінде де екі ел арасындағы қарым-қатынас жалғасын табады,- деді Александр Лукашенко.

«Сіз Қазақстанның жаңа Президенті деп қалдыңыз. Сіз білесіз бе, оның саясаты – Беларусь пен Қазақстан арасындағы жалғасын тауып жатқан процестер негізінде ғана емес, жалпы экономикалық одақтың дамуы негізінде белгіленген»,- деп атады беларусь көшбасшысы.

«Бұл адам – негізі қаланған жолды тек жалғастырып қана қоймай, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан ары нығайта алады. Негіз бар, мақсат бар. Біз осы бағытты ұстанатын боламыз. Сеніңіз, біз өзара сыйластығымызды ұлғайтамыз. Біздің қарым-қатынасымыз бұдан да жақсы болады», - деп атап көрсетті мемлекет басшысы. Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына қатысты, Евразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды. Мемлекет басшысына кейбір жеке басына қатысты сұрақтар да қойылды.

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз