- Qazaq gazetteri TV
- 07 Желтоқсан, 2019
VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі аяқталды

3-7 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетіп, жеңімпаздардың есімін жариялады. Биылғы жылы фестивальдің тарихында алғаш рет қысқаметражды фильмдермен (Bastau Shorts) қатар, дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) қартиналар да бақ сынады.
Bastau Debuts толықметражды дебюттік фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы құрамында ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер Михаил Сегал (төраға), киносыншы Роберто Куэто (Испания), продюсер Денис Васлин (Нидерланд), театр және кино актриса Нелли Уварова (Ресей), актер және продюсер Фархат Абдрайымов (Қазақстан) жұмыс атқарды және жүлделерді төмендегідей үлестірді:
Үздік фильмге Гран-при: «Қабірлерді қозғау» (режиссері Чон Сын-о, Оңтүстік Корея);
Үздік режиссура жүлдесі: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай);
Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан);
Үздік ер адам ролі үшін жүлдесі: үлестірілмеді;
Үздік әйел адам ролі үшін жүлдесі:
• «Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);
• «Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);
Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша).
Биыл Bastau Shorts қысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түскен. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Фестивальдің халықаралық әлеуетінің артқанын осыдан байқауға болады.
Бұл байқаудың жеңімпаздарын төмендегі халықаралық қазылар алқасы таңдады: режиссер, сценарист, кинопродюсер Гела Баблуани (Франция), актриса Рано Шодиева (Өзбекстан), кино және театр актері Александр Пашков (Ресей) және режиссер Шәрипа Оразбаева (Қазақстан). Аталған байқаудың жүлделері төмендегідей үлестірілді:
Үздік қысқаметражды деректі фильм жүлдесі: «Ауыл күйі», режиссері Әсел Сыдықова (Қырғызстан);
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм жүлдесі: «Ақыры драмаға толы», режиссері Кериха Арнэ (Латвия);
Үздік қысқаметражды көркем фильм жүлдесі: «Сатушы», режиссері Сречита Дас (Үндістан);
Қазілар алқасының арнайы жүлдесі: «Дипломмен ауылға», режиссері Самғар Рахым (Қазақстан).
Аталған байқаудың киноленталары әдеттегідей студенттік қазылардың жүлдесіне таласқан. Биыл оған 7-Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің Гран-при иегері Әлішер Жәдігеров төрағалық етті.
Студенттік байқаудың қазылары режиссер Лаура Тамошюнайтенің (Литва) «Бақыт жанымнан өтіп бара жатқанда ұйықтап жатқам» фильмін үздік қысқаметражды фильм деп танып, Гран-приді берді.
Ал қазылардың арнайы жүлдесі Мартинс Гаусиштің «Көжек» (Латвия) фильміне бұйырды.
Айта кетелік, «Бастау» кинофестивалінде биыл сонымен қатар жаңа бағдарлама Bastau Docs - әлемнің үздік деректі фильмдеріне арналған бағдарлама ашылған болатын. Бағдарлама шеңберінде 10 елден (Иран, Қазақстан, Ресей, Норвегия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Польша, Беларусь) 10 деректі фильм көрсетілді. Бағдарламаны ТМД елдері, Балтика және Скандинавия елдеріне Multimedia Promotion кинокомпаниясының Швециядағы, фильмдерді дистрибуциялау мен сатып алу жөніндегі директоры Борис Шульман жүргізді.
Ораз Әбішев атындағы жүлде екі бірдей картинаға табысталды. Бірі үздік деректі фильм деп танылған Армения режиссері Арсен Аракелянға «Айна арқылы» фильміне берілсе, екіншісі студенттік кино бағдарламасына қатысқан режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» атты деректі фильмі үшін берілді.
Биылғы фестивальдің құрметті қонақтары: деректі кино және ТВ Гильдиясының президенті, Заманауи өнер Институты «Режиссура және ТВ» факультетінің көркем жетекшісі Алексей Ханютин (Ресей); өнертанушы, режиссер, Ресей-Армян университетінің доценті Арсен Аракелян; Грузин ССР еңбек сіңірген қайраткері, танымал кинорежиссер Ираклий Квирикадзе. Айта кетелік, салтанатты табыстау рәсімінде фестиваль президенті Сергей Әзімов қазақ киносына қосқан үлесі үшін жүлдесімен Ираклий Квирикадзені марапаттады.
Фестивальдің мақсаты мен ерекшеліктері жөнінде толығырақ "Бастау" фестивалінің президенті Сергей Әзімов бейнематериалда айтып өтеді:
Гауһар Түстікбаева
Бейнематериалды әзірлеген:
Әлихан Жанарбек

17561 рет
көрсетілді14
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

?h=e36c6b1b1c86a24d41c027e631478b4b&
17 Желтоқсан, 2020

?h=e36c6b1b1c86a24d41c027e631478b4b&
Free Dating Site. Meet New People Online: http://bit.do/fL4Re
CLICK HERE

?h=e36c6b1b1c86a24d41c027e631478b4b&
22 Желтоқсан, 2020Free Dating Site. Meet New People Online: http://bit.do/fL4Re
CLICK HERE

?h=e36c6b1b1c86a24d41c027e631478b4b&
mppwgpwxp
24 Шілде, 2021-- mppwgpwxp http://www.ge610b63v579rkz54nz80xc018ajccj2s.org/ [url=http://www.ge610b63v579rkz54nz80xc018ajccj2s.org/]umppwgpwxp[/url] amppwgpwxp
Motmhd
05 Мамыр, 2022sildenafil 200mg price - sildenafil overnight delivery buy viagra without prescription
Xtcgrf
07 Мамыр, 2022cost prednisolone 20mg - order gabapentin 100mg for sale buy tadalafil 10mg sale
Lrflqn
09 Мамыр, 2022purchase augmentin for sale - order generic cialis 20mg cialis 20mg canada
Qlvsfm
12 Мамыр, 2022buy trimethoprim sale - buy sildenafil 100mg pills sildenafil 150mg price
Bwkrsf
14 Мамыр, 2022cephalexin 500mg pills - cleocin 300mg ca buy generic erythromycin
Tpsktb
16 Мамыр, 2022fildena for sale - tamoxifen ca stromectol 3 mg dosage
Gcatiy
18 Мамыр, 2022generic rhinocort - disulfiram for sale order disulfiram 250mg pills
Gyenpn
19 Мамыр, 2022buy cefuroxime 250mg pill - cialis 20mg brand buy cialis 20mg without prescription
Rwilne
21 Мамыр, 2022ampicillin us - order cipro 500mg online cheap tadalafil without prescription
Xtuvbd
23 Мамыр, 2022buy amoxil tablets - amoxil 500mg oral buy levitra
Uppupq
24 Мамыр, 2022buy ivermectin 12 mg for humans - ivermectin rx vardenafil cost