Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Желтоқсан, 2019

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Түркістандық емхана еліміздегі ең үздік емдеу мекемесі деп танылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"МӘМС: Қазақстан медицинасының трансформациясы" атты форумда аталған емхананың бас дәрігері  Жанар Оспановаға марапат табысталып, Алғыс хат тапсырылды. Рейтинг жүргізу барысында пациенттердің пікірлері, медициналық ақпараттық жүйені қолдануы мен дәрігердің 1 мөлшерлемелік орташа айлық ақысының өңір экономикасындағы орташа айлық жалақыға арақатынасы, медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттанушылық деңгейі мен egov электрондық үкімет порталы арқылы дәрігерге жазылу мүмкіндігі, қадағалау кеңесі мен халықаралық аккредиттеудің болуы ескерілді. Сондай-ақ, форум барысында жалпы практикадағы дәрігерлер арасында ұйымдастырылған "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" атты республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауға   «БанкЦентркредит» АҚ демеушілік етіп, халықтық дауыс беруге 248 мың адам қатысқан болатын. Оның қортындысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша үздік отбасылық денсаулық орталығы емхана" аталымында Түркістан қалалық емханасы алға озды. Бас дәрігер Жанар Мықтыбекқызы басқаратын емхана ұжымына  2,5 млн теңгенің сыйақысы берілді. «Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы» байқауы бойынша жеңімпаз ретінде Түркістан қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Әлия Дадаханова мен оның командасы танылып, оларға 500 мың теңге көлемінде сыйақы тапсырылды.

Айта кетейік, қалалық емхана 94246  халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Ауысымына 1210 адам қабылдауға арналған медициналық мекеме заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде мұнда  30 учаскелік педиатр мен 47 жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД) тұрғындарға қызмет көрсетеді. Дәрігерлердің біліктілік жоғарылатуы және қайта даярлауы жүйелі түрде жүргізіліп отырады.    Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету қызметі бойынша қолжетімділігін жақсарту мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында және аймақтық дәрігерлердің жүктемесін азайту бағытында педиатриялық аймақтарда бала санын 900 ден 500-ге, ЖТД аймақтарда тұрғындар санын 2000-ден 1700-ге төмендетілген. Жаңа технологияларды жетілдіру және ендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, емханада халыққа мемлекеттік қызметтер,  үйге шақырту, дәрігерге жазылу, бекітілген халық тіркелімі порталына тіркелу қызметтері  онлайн режимде үкіметтің  Egov.kz электронды сайты  арқылы жүргізіледі. Енгізілетін мәліметтер сапасын арттыру мақсатында регистратураларға жеке куәліктердегі  электронды кілтті оқуға арналған картридерлер (card reader) алынған. Мемлекеттік қызметтерді электронды  сайт арқылы тез жүргізу және КМИС бағдарламасын сапалы ендіру  үшін терминал Standing терминалы арқылы электронды кезек ұйымдастырылған. Сондай-ақ, электрондық жүйеге өту мақсатында КМИС бағдарламасымен жұмыс жасау іске асырылған. Бүгінде МӘМС жүйесін халыққа түсіндіру мен оны емханаға енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

1387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз