Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Желтоқсан, 2019

Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады

Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат  07:18-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Bek Air әуе компаниясының №Z2100 рейсті Фокер 100 ұшағы аспанға көтерілді.

Сағат 7:22-де ұшақ радардан жоғалып кетті. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары басталып, өрттің алды алынды. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүргізілуде. Іздеу жұмыстары іске асырылуда.

Ұшақ бортында 95 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Зардап шеккендер бар.

Алматы қаласының әкімдігі қаланың барлық қалалық қызметтерін жұмылдырды. Апат орнында ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (10 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) қызмет, ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылған.

Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілуде.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен Премьер-Министрдің орынбасары бастаған арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия оқиға орнына ұшып шықты.

Қазір болған оқиғаның себебі анықталуда.

Алматы қаласы ТЖД-нің жедел желі телефондары:

+7 (727) 278 20 83; 278 20 8

 

884 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз