Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Қаңтар, 2020

Юлия Галышева үздік спортшы атанды

Фристайл-могулдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Юлия Галышева желтоқсан айындағы үздік спортшы атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, бұл атақтан бес спортшы үміткер болды. Ю.Галышеваға (фристайл-могул) қоса Дмитрий Баландин (жүзу), Ермек Айназаров, Дархан Асаділов (екеуі де каратэ) және Артем Захаровқа (тректегі велоспорт) жанкүйерлер дауыс берді. Дауыс беру бүгін сағат 10.00-де аяқталды. Соның қорытындысы бойынша Ю.Галышева 58,40 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Ермек Айназаров екінші, Артем Захаров үшінші орынға ілікті. Еске сала кетейік, Ю.Галышева Қытайда өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған болатын.  

994 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз