- Qazaq gazetteri TV
- 27 Ақпан, 2020
Чемпиондар лигасы. Фавориттер сүрінді (видео)

Ақпанның 26-нан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының өзге төрт команда арасындағы бірінші ойындар өтті.
Испаниялық "Реал" өз алаңында англиялық "Манчестер Ситиден" ұтылды - 1:2. 60-шы минутта жартылай қорғаушы Иско мадридтіктерді алға шығарды, алайда, алаң қонақтары 78-ші минутта бразилиялық форвард Габриэль Жезустың голымен жауап берді және 83-ші минутта хавбек Кевин де Брюйне пенальтиді сәтті орындады.
"Реал" ойын соңында азшылықта қалғанын айта кету керек. 86-шы минутта команда капитаны Серхио Рамос алаңанан қуылды - ол Жезуске дубль жасауға бөгет жасап қалды.
Қатар өткен матчте франциялық "Лион" өз алаңында италиялық "Ювентусты" ұтты - 1:0. Ойындағы жалғыз голды 31-ші минутта жартылай қорғаушы Люки Тузара салды.

44853 рет
көрсетілді0
пікір