- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Наурыз, 2020
FlyArystan әуе компаниясының жаңа бағыттары ашылды

Халыққа қол жетімді қазақстандық әуе тасымалдаушы FlyArystan авиакомпаниясы көктемнің алғашқы айынан бастап еліміздің бірқатар қалаларына жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашты. Алматы-Петропавл бағытындағы бірінші рейс арқылы БАҚ өкілдеріне баспасөз-туры ұйымдастырылып, журналисттер мен блогерлер екі қала арасында тегін саяхаттауға мүмкіндік алды. Алматы халықаралық әуежайы арқылы наурыздың 13-күні таңғы сағат 6.35-те лоукостер Петропавлға өз бағытын бастады.

Петропавл қаласының әуежайында лоукостердің жаңа бағыты жайлы ақпарат беру үшін, тілшілерге брифинг ұйымдастырылды.
Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ филиалының директоры Марат Хасенов:
- FlyArystan әуе компаниясымен біз негізі 2019 жылдан бастап жаңа рейс ашу мақсатында жұмысымызды бастадық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, екі қала арасында қатынау бағыттары бүгін басталды. Петропавл-Алматы бағытынк билеттер сатылымға шықты. Біздің әуежайымыз сағатына 150-180 адамға қызмет көрсетуге арналған. Әзірге екі қала арасына қатынау жиілігі аптасына 4 рет жүзеге асырылатын болады. Бірақ, сұраныс болып жатса, рейстер саны көбейтіледі. Біздің әуежай арқылы жолаушыларымызға қызмет көрсетуге толық мүмкіндігіміз бар.
- Екі қала арасындағы рейстер: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады, ұшу уақыты - 2 сағат 10 минут. Билеттің ең төменгі бағасы - 9999 теңге. Жолаушылар азық-түлік пен сусындарды ұшақтың ішінде қосымша ақыға сатып ала алады. Мысалы, сэндвичті 1000 теңгеден, ал 0,5л. суды 200 теңгеге алуға болады.
kazgazeta.kz: Алматы-Петропавлдан бөлек, тағы да басқа қалаларға қатынайтын жаңа бағыттар жайлы айтып өтсеңіз.
Ләззат Набиева, FlyArystan әуе компаниясының баспасөз хатшысы:
- FlyArystan әуе флотында осыған дейін 4 ұшақ болатын, қазір өзіңіз ұшып келген бесіншісі қосылды. Бұл бесінші ұшақ Алматылық әуежайда үшінші, яғни қазіргі кезде біздің алматылық әуежайда үш ұшақ болса, Нұр-Сұлтан әуежайы арқылы үш ұшақ қатынайды. Сәуір айында алтыншы ұшақ Қарағанды әуежайына қосылмақ. Бесінші ұшақ қосылғалы бері біз жаңадан рейстерді ашып отырмыз. Солардың тағы бірі кеше алғаш рет ашылған Алматы-Қостанай бағыты.
kazgazeta.kz: Қазір әлеуметтік желілерде халық FlyArystan-ның арзан бағаларын таппаймыз деп жиі жазып жатады. Осыған түсініктеме бере кетсеңіз.
Ләззат Набиева, FlyArystan әуе компаниясының баспасөз хатшысы:
-Жалпы авиацияда екі мезгіл болады. Көктем-жаз мезгілі және көктем-қыс мезгілі. Демек, билет сатылымы бір айға ғана ашылмайды. Бір жыл бұрын билеттер сатылымға шығып қоюы мүмкін. Көктем-жаз мезгіліне билет сатылымын біз былтырғы жылдың соңында ашқан болатынбыз. Желтоқсанда адамдар жазғы демалысын жоспарлай беруге мүмкіндіктері бар. Және өз уақытын дұрыс жоспарлай білген кісілер ақшасын да үнемдей алады. Біздің адамдарға билетті ертерек алыңыздар деп айтып жүргеніміз де сол. Себебі, билеттер белгілі бір бағадан басталып жоғары өседі. Арзан билетті алғысы келгендер бірінші болып үлгеруі керек. Ұшақта орынның саны шектеулі, яғни 180 орын. Билетті сатып алар алдында міндетті түрде сайттағы ережесімен танысып өтіңіз дегіміз келеді. Себебі, арзан билеттің ережелері өте қатал болады. Егерде уақыты өзгеру мүмкін, ауыстырам деген ойда болсаңыз, қымбатырақ икемді деген тарифті таңдауға кеңес береміз. Ол тарифтің ережелері жеңілдеу, бірақ билет құны жоғары. Жалпы бүкіл ережелер, мағлұматттар FlyArystan әуе компаниясының сайтында жазылып тұр. Тағы бір ескеретін жайт, егерде кісілер ақшаны үнемдейміз десе тікелей сол сайттан сатып алғандары дұрыс. Жалпы авиация болсын, теміржол болсын, билетке сұраныс жоғарылайтын уақыт - демалыс күндері мен мейрам күндері, жазғы кезең.
Сонымен қатар, FlyArystan әуе компаниясының Нұр Сұлтан-Петропавл бағытындағы рейстері ашылды, билет құны - 3999 теңгеден басталады.Алматыдан Көкшетауға алғашқы рейс 12 наурызда орындалды. Қызылордаға 16 наурызда жоспарланған рейс коронавирусқа байланысты белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Гауһар Түстікбаева,
"Қазақ газеттері ЖШС

18281 рет
көрсетілді11
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. https://helloworld.com?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&
22 Қараша, 2020Стремись не к тому, чтобы добиться успеха, а к тому, чтобы твоя жизнь имела смысл. https://helloworld.com?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&

?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&
17 Желтоқсан, 2020

?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&

?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&
18 Желтоқсан, 2020

?h=3e95f939bfef73a1d48ac85f614e4ca3&
Priwyj
04 Мамыр, 2022sildenafil 100mg for sale - viagra 150mg over the counter sildenafil 50mg us
Hnjbmx
10 Мамыр, 2022oral augmentin 625mg - augmentin 625mg over the counter order tadalafil 40mg sale
Wbtgzl
12 Мамыр, 2022bactrim over the counter - buy viagra 100mg sildenafil 100mg canada
Xvmnss
15 Мамыр, 2022cephalexin buy online - order erythromycin 250mg purchase erythromycin online cheap
Srrdda
18 Мамыр, 2022order rhinocort generic - cialis 10mg cheap disulfiram 250mg ca
Lhmkbw
20 Мамыр, 2022buy ceftin 500mg - buy ceftin 250mg oral cialis 5mg
Mgkmwe
23 Мамыр, 2022amoxil order online - amoxil 250mg drug vardenafil 20mg pills
Uigigl
25 Мамыр, 2022how to buy stromectol - ivermectin for sale online vardenafil 10mg pills