Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайының артуы себебі неде?

411

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорда мен Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайының артуына қатысты түсінік берді.

«Бұл жағдай халық арасында профилактикалық тестілеу санының жоғарылауына байланысты артты. Шын мәнінде бүгінде Алматыда анықтаған оқиғалардың 90 пайызы және соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқиғалардың 80 пайызы ауру белгілері білінбеген науқастардың арасынан анықталды», — деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Осы қалаларда профилактикалық тестілеу шаралары белсенді жүргізіліп жатқандықтан, індет жұқтырғандар анықталуда. «Біздің тактиканы айтар болсақ, халық арасында ПТР-тестілеуді белсенді жүргізуге екпін қоюдамыз. Бұл жұмыстар індет жұқтырғандарды барынша көбірек анықтауға негізделген», — деді министр.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *