Facebook және Google қызметкерлері жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істей алады

124

Facebook және Google өз қызметкерлеріне жыл соңына дейін үйден жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

«Facebook» компаниясы 6 шілдеде кеңселерін ашатынын мәлімдеді. Алайда, өз жұмысын қашықтан жасай алатындар жыл соңына дейін қызметін үйден жалғастыра алатыны айтылды.

Ал «Google» компаниясының атқарушы директоры кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер шілде айының басында ғимаратқа орала алатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол өз жұмысын үйден істей алатындардың көпшілігі жыл соңына дейін қызметін қашықтан жалғастыра беретінін атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *