Илья Ильин спорттық мансабын аяқтады

313

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы болған Илья Ильин спорттық мансабын аяқтады.

Илья Ильин спорттық мансабын аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Мұзайдыны» мұзды кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.

«Мен Токио Олимпиадасында сынға түсем деп ойладым. Алайда, төртжылдықтың басты додасының кейінге шегерілуіне байланысты спорттық мансабымды аяқтауды жөн көрдім. Енді жаңа саладағы жұмысымды жалғастыруға ниеттімін. Басты міндетім — өзімді жаңа мамандықта жақсы жағынан көрсету», – деді Илья.

Айта кетейік, Ильин соңғы рет Ташкенттегі халықаралық турнирде топ жарған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *