«Горелник» шатқалында адасып кеткен туристер құтқарылды

290

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті

Алматы тауларында адасып кеткен жастар құтқарылды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамыр күні таудан үйлеріне оралмаған екі адамның туыстарынан хабар келіп түсті. Ақпарат жинау кезінде жедел құтқарушы жоғалып кеткендердің сыртқы белгілерін, олардың кеткен бағытын анықтады. Белгілі болғандай, екі азамат 13 мамырда «Горелник» шатқалына барып түнемек болған. Олар туыстарына жиі қоңырау шалуға уәде берген. Алайда, 14 мамыр күні таңертең олармен байланыс үзілген.

«Оқиға орнына республикалық жедел құтқару жасағының жедел тобы иісшіл ит ертіп жоғалғандарды іздеуге аттанды. Жастар Горельник шатқалынан табылмады. Сондықтан құтқарушылар екі топқа бөлініп іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Қою тұман мен жаңбырға қарамастан құтқарушылар зардап шеккендерді Титова асуы маңынан тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті»,– делінген хабарламада.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *