Бейсен Құранбек өмірден озды

435

Танымал тележүргізуші, қазірге дейін «Жетісу» телеарнасының директоры қызметін атқарған әріптесіміз Бейсен Құранбек өмірден озды. Бұл ақпаратты «Қарекет» бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады.

«Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді», — дейді Ақжелең Рахатдинқызы.

Тележүргізуші сырқаттанып жүргенін Instagram-парақшасындағы соңғы жазбасында мәлімдеген еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *