Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар ортопедиялық аяқ киімдерді уақытылы алады

380
Бүгін «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) карантиннен кейін өзінің өндірістік цехтары мен оңалту орталықтарының жұмысын қайта бастады. Елімізде осы бейіндегі ірі кәсіпорын шығаратын жеке өтемдік бұйымдар мен ортопедиялық аяқ киім елдің барлық аймақтарындағы пациенттер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
«Біздің кәсіпорынның өндірістік цехтарының қызметі төтенше жағдай кезінде тоқтатылды, бірақ біз пациенттерімізбен жұмысты тоқтатпадық. Пациенттерімізге қолдау көрсету, протездеу және ортопедиялық аяқ киім жасау туралы көптеген сұрақтарға жауап беру мақсатында телефондық «шұғыл желі» ұйымдастырылды. Телефон арқылы біздің орталықтың екі ең еңбегі сіңген және кәсіби дәрігерлері – 40 жылдық еңбек өтілі бар протезші Евгения Попкова мен ортопед Қалқа Жұманова кеңес берді. Сондай-ақ, қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен өндіріске жаңа технологияларды енгізу біздің орталыққа тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, біз протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіруге тапсырыс түскен сәттен бастап 45 жұмыс күні ішінде дайындауымыз керек, ал қазір біздің мамандар мұны орташа есеппен 17 күнде жасайды. Өндіріс көлемі мен мерзімдері бойынша біздің кәсіпорында ешқандай артта қалушылық болмайтынына сенімдіміз. Коронавирусқа қарамастан, орталық пациенттрінің ешқайсысы өздерінің өтемдік бұйымдары мен ортопедиялық аяқ киімдерінсіз, сондай-ақ кәсіби кеңессіз қалмайды», — деп атап өтті «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петров.
Бір ай ішінде РПОО 800 жұп ортопедиялық аяқ киім өндіріп, еліміздің әлеуметтік орталықтарынан бұрын алынған тапсырыстарға сәйкес, 14 жеке протезді жасауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, РПОО осы жылы 15 500-ге жуық пациентке қызмет көрсетеді деп күтілуде.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *