Жазда коронавирус тыйыла ма?

103

Жазда коронавирустың таралуының төмендеуі күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

«Вирустың (коронавирустың) жаңадан пайда болғанын, бұрын-соңды болмағандығын түсіну қажет. Зерттеулер барысында егжей-тегжейлері шығып жатады. Бірақ, жаздағы температураның әсері жаз кезеңінде маусымдық тұмаудың немесе ЖРВИ-дің төмендеуіне негізгі себеп еместігін айыра білу керек. Жыл сайын ЖРВИ-ді тек қана күзде, көктемде тіркемейміз. Қыста, тіпті жазда да тіркеледі», — деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды…» бағдарламасы барысында. Дегенмен, комитет басшысының айтуынша, жаз айларында тұмау мен ЖРВИ аз тіркеледі. «Бұл, ең бірінші кезекте, күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Жазда ғимараттарды желдетіп алуға мүмкіндік туып, қоршаған ортада вирустардың саны айтарлықтай артатын жабық ғимараттарда адамдардың шоғырлануы азаяды. Ал болжамға келер болсақ, вирус өзін алдағы уақытта қалай ұстайтындығын ешкім дөп басып айта алмайды», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *