Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырғандар тіркелмеген

296

Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Оның айтуынша, адам індетті қайтадан жұқтырса, ол емдеуге жатқызылады.

«Вирус аса жұқпалы және онымен ауырып шыққан адамдарда оған қарсы тұрақты иммунитет түзіледі деп нақты айтуға жеткілікті деректер әзірге жоқ», — деді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде COVID-19-ға шалдыққандар саны 6751-ге жетті. Жазылып шыққандар — 3515, көз жұмғандар — 35.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *