Коронавирус: 2021 жылғы «Оскар» кейінге шегеріледі

84

2021 жылы АҚШ-та өтетін кино әлеміндегі ең айтулы оқиға «Оскар» рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Variety басылымы хабарлады.

Әзірге шараға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат, оның мерзімі мен қалай өткізілетіні туралы мәлімет жарияланбады. Бұған дейін кино саласындағы үздіктерді атап өту шарасы 2021 жылдың 28 ақпанына белгіленген болатын.

Еске сала кетсек, биылғы «Eurovision» ән байқауы да індет кесірінен шегеріліп, ал Канн кинофестивалі өткізілмейтін болды. Венециялық кинофестивалді ұйымдастыру-ұйымдастырмау жағы қазір талқыланып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4,7 миллионнан асып, оның 316 мыңы қаза тапқан.

inbusiness.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *