Зарема Шәукенова: Жаңа заңды әзірлеу процесінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ерекше рөл атқарды

249

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова Мәжіліс қабылдаған «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қатысты пікір білдірді.

-Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қабылданды. Мемлекет басшысы жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды өткізу рәсімін жаңа заңнамалық ресімдеуді қажет ететініне өткен жылдың маусым айының ортасында назар аударды. Заң жобасын әзірлеу барысында қоғамдық ұйымдар мен қайраткерлерді талқылау процесіне тарту үшін жағдайлар жасалды. Сарапшылар, азаматтық қоғам мен Қоғамдық кеңестердің өкілдері өз пікірлерін білдірді. Жаңа заңды әзірлеу процесінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ерекше рөл атқарды. Нәтижесінде митингілер мен бейбіт жиналыстардың басқа да нысандарын ұйымдастыру процесін реттейтін ережелер ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің осы түрін қабылдаудың өзі де өзгерді.

ҚР Парламентінде қабылданған заң митингілерді өткізудің хабарлама тәртібін енгізеді және артық бюрократияны жою мақсатында митингілерді өткізуге өтінім беру рәсімін жеңілдетеді. Жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлау мерзімдері, сондай-ақ атқарушы билік органдарының өтінімді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқарды. Журналистердің жұмысын ұйымдастыру тәсілдерінің өзгеруі де маңызды болып табылады. Жаңа Заң журналистердің қызметін шектейтін қандай да бір тыйым салулар мен міндеттерді қамтымайды

Жиналыстың жекелеген қатысушыларының іс-әрекеті орынсыз немесе заңдарды бұзатын болса, бұл жиналыстың өзін тоқтатуға негіз болмайтындығы маңызды болып табылады. Заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатында жеке қорғану құралдарын пайдалану құқығын бекітеді. Жаңа эпидемиологиялық жағдайда тұлғаны жасыратын және қатысушылардың бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киімді қолданбау туралы талап митинг өткізу құқығына кедергі келтіруі немесе азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бұл норма Заңнан алынды.

Сенаттың жекелеген нормаларды жақсартуға бағытталған барлық ұсынылған түзетулері Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнына өзгеріс енгізбейді. Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң ҚР Президентінің қол қоюына берілді

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *