Ерлан Қарин бейбіт жиналыстар туралы заңға пікір білдірді

233

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» жаңа заңға қатысты пікір білдірді.

-Бүгін Парламент «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» жаңа заңды қабылдады. Бұл — өткен жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық жасалық саяси реформалар топтамасындағы бірінші заң. Алайда, Ұлттық кеңестің құрылатындығы жария етілген кезде кейбір сарапшылар мен қоғам қайраткерлері «билік талқылауларға, оған қоса саяси реформаларды жүзеге асыруға бара қоймас» деп күдіктерін білдірген еді. Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бірінші президенттік бірінші жолдауында саяси жаңғырусыз экономикалық реформларды жүзеге асыру мүмкін еместігін нақты мәлімдеп, митинг туралы заңнамалы жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын. Ал Ұлттық кеңестің 2-отырысында сонау 1995 жылы қабылданған қолданыстағы заңның орнына жаңасын қабылдау және оның аясында митингтерді ұйымдастыру мен өткізуде хабарландыру принципін енгізу қажеттігін мәлімдеді.

Талқылау өте қарқынды, күніне бірнеше сағат жүрді. Тек түске асқа тоқтатылып, одан кейін пікірталас қайта жалғасты. Мәжілістегі, одан кейін Сенаттағы қызу пікірталастардың қорытындысында құжат ұсынымдарды ескере отырып дайындалды және қабылданды

Жаңа заң нормалар мен ережелердің тек қана жаңа жиынтығы емес. Бұл қоғамдық саясаттағы парадигманың түбегейлі ауысуы. Президент Тоқаевтың саяси реформалар топтамасындағы өзге де бастамалар сияқты ол саяси тәжірибеге жаңа принциптер мен әдістер енгізеді. Мұның барлығы жиналып келгенде саяси мәдениеттегі позитивті құндылықтар өзгерісіне алып келеді.

inform.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *