Қазақстандық телеарнаның 185 қызметкері коронавирусқа тексерілді

353

Қазақстандық телеарнаның 185 қызметкеріне коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық сынама алынды.

«Қазмедиа орталығындағы «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен алдын алу мақсатындағы тексеріс барысында COVID-19 вирусы анықталды. Екі жағдайда сырқат симптомсыз болған. Пациенттер стационарға жатқызылды. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін телеарнаның 185 қызметкері зертханалық тексеруден өтті. Эпидемияға қарсы барлық жиынтық іс-шаралар жүргізілді, жақын және ықтимал байланыстар анықталып, оларға үй карантиніне белгіленген.

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп пен департамент тарапынан бақылау күшейтілді», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, кеше «Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық телеарнаның екі қызметкері вирус жұқтырғанын растады.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *