Ассамблея Ораза айт мерекесімен құттықтады

90

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді қасиетті ­Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Айтулы мейрам ­– рухани тазару мен құлшылыққа, ізгілік пен сауапқа толы Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.
­Ораза айт ­­–  мұсылмандарды ғана емес, татулықты ту еткен Қазақстан халқын бір тұтастыққа біріктіреді.

Бұл күндері ел тұрғындары мұқтаж жандар мен қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қол ұшын созып, сауап жинауға ұмтылады.

«Біз біргеміз!» акциясы мен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көрсетілген гуманитарлық көмек нағыз қайырымдылық пен мейірімділіктің жарқын үлгісі бола алды.

Қазақстанда әртүрлі діни конфессия өкілдері ежелден тату-тәтті өмір сүріп, біте-қайнасып келеді. Қазіргі таңда олар қоғамдық өмірге белсене араласып,  бірлік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып отыр.

Бүгінгі ұлық мерекеде барлық қазақстандықтарға  зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен сәттілік тілейміз.

Ораза айт әрбір шаңыраққа ырыс-құт пен бақ-береке  ала келсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *