Нұр-Сұлтанда халық санағы бойынша инструкторлар қабылдануда

322

2020 жылғы 15 маусымнан 15 қарашаға дейінгі мерзімге ұлттық санақ жүргізу және дайындау бөліміне 21 нұсқаушыны жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның статистика департаментінде. «Конкурсқа қатысушылардың бәріне қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды», — делінген хабарламада. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментіне, Желтоқсан көшесі, 22 мекен-жайына қолма-қол құжаттарын тапсырады, телефондары: 8(7172) 32-87-61; 8(7172) 31-62-53.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *