9 министрлік 4 жылдан бері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізбеген

384

Бірқатар мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты 2016 жылдан бастап талдау жүргізбеген. Әдетте талдаулар қорытындысы бойынша анықтамалар формальді түрде жасалады.

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

Отырыста екі мәселе талқыланды:

1. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау нәтижелері туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері».

Бірқатар мемлекеттік органдар, атап айтқанда ЦДАӨМ, МСМ, ҰЭМ, СІМ, ДСМ, ЕӘҚМ, ИИДМ, АШМ, ҚМ 2016 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізбеген.

— Биыл «2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру кезінде іс-шаралар жоспарының 37 тармағы сапасыз орындалғаны (Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі), мерзімдердің бұзылуы (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Әділет министрлігі және Жоғарғы Сот), сондай-ақ жоспарда қойылған міндеттерді түпкілікті іске асыру кезіндегі өзге де кемшіліктер (Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі) аталып өтті, делінген ресми мәлімдемеде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *