Алматыда демалыс күндері көшелер жабылады — Сағынтаев

128

Алматыда жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады.

Ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында растады.

«@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар», — деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, қала өміріндегі өзгерістер туралы ақпарат бүгін Twitter-де жарияланған болатын. Бұл туралы кәсіпкер Асқар Байтасов жазған. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ақпаратты алдымен жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *