Балаларға арналған қазақ тіліндегі кітаптар жетіспейді

111

Балалардың дүниетанымын қалыптастырып, тәлімді тәрбие беретін әдебиет жетіспейді. Кітапханаларда балалар оқитын қазақ тіліндегі шығармалар тапшы. Бүгінгі Сенат отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп үкіметке депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, бірақатар елде балаларға арналған кітап шығаратын баспаларға салық төлеуде жеңілдік қарастырылған. Кей елдерде тіпті, салықтан босатылған. Сенатор театрларда балаларға арналған қойылымдарды көбейтіп, танымыдық шараларды көп өткізу керек дейді. Себебі балалар әдебиетпен сусындамаса, ана тілін ұмытып, сөздік қоры азаяды. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар аясында арнайы қаржы бөліп, кітап қорын көбейту керектігін айтты. Сондай-ақ, сапалы мультфильм түсіруді қолға алу керек.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *