«Көк базар» басшылығына 1,7 миллион теңге айыппұл салынды

397

Алматыдағы «Көк базар» бір айға жабылды. Оған қоса, санитарлық талаптар сақталмағаны үшін басшылығына 1,7 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Қалада коронавирус жұқтырғандар саны індет ошақтарын анықтау нәтижесінде артуда. Оған мысал ретінде ерікті түрде екі аптаға жабылған «Рахат» фабрикасын айтуға болады. Одан кейін сот шешімімен бір айға жабылған «Көк базарды» мысалға келтірейін. Мұнда әкімдіктің мониторингтік сапары барысында айтылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны үшін 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды», – деді ол.

Айта кетейік, «Көк базар»-да коронавирус 20 адамнан анықталған. Одан кейін тағы бір адамның талдауы оң нәтиже көрсеткен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *