7-12 шілде аралығында коронавирус індетінен елімізде 111 адам көз жұмды

167

7-12 шілде аралығында коронавирус індетінен елімізде 111 адам көз жұмды. Қазақстанда барлығы 375 адам өлімі тіркелді.

Өңірлер бойынша қайтыс болғандар саны:

Нұр-Сұлтан қаласы — 81

Алматы қаласы — 54

Шымкент қаласы — 24

Ақмола облысы — 24

Ақтөбе облысы — 9

Алматы облысы — 4

Атырау облысы — 13

Шығыс Қазақстан облысы — 5

Жамбыл облысы — 3

Батыс Қазақстан облысы — 22

Қарағанды облысы — 75

Қостанай облысы — 3

Қызылорда облысы — 7

Маңғыстау облысы — 12

Павлодар облысы — 15

Солтүстік Қазақстан облысы — 6

Түркістан облысы — 18

Сонымен қатар, өзге аурудан көз жұмған, бірақ тест нәтижелерінде коронавирус анықталған кемінде 101 адам бар. Кейінгі уақыттарда пневмония да өршіді. Министрліктің хабарлауынша, маусым айында 628 адам, 29 маусым мен 7 шілде аралығында 453 адам пневмониядан көз жұмды.

Бүгін 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күнінде барлық марқұмдардың жақынына қайғырып көңіл айтамыз!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *