Қызмет барысында көз жұмған елордалық дәрігер «Парасат» орденімен марапатталды

282

Бүгін қалалық әкімдікте медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметін мүлтіксіз орындағаны және азаматтардың денсаулығын қорғаудағы ерекше еңбегі үшін елорданың көп салалы медициналық орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Олжабай Қожағалиев «Парасат» орденімен марапатталды. Ол коронавирус пандемиясы кезінде алғы шепте болып, осы індеттен қайтыс болды. Марапатты дәрігердің ұлы Арман Қожағалиевке қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен табыстады.

Олжабай Қожағалиев 1958 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Өмірінің 34 жылын өз мамандығына арнады. Еңбек жолын облыстық аурухананың дәрігерінен бастап елордалық емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісіне дейін қызмет етті.

1986 жылдың шілдесінен 1987 жылдың қыркүйегіне дейін Мамлют орталық аудандық ауруханасында хирург болып жұмыс істеді.

1987 жылдың қыркүйегінен 1991 жылдың тамызына дейін аудандық ауруханаларда хирург болды. 1991 жылдың тамызынан 1997 жылдың тамызына дейін Кореев аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

1997 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың сәуіріне дейін диагностика бөлімнің эндоскописті болды.

1999 жылдың сәуірінен 1999 жылдың желтоқсанына дейін О.Қожағалиев Астана қаласындағы Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығының медициналық қызметтердің сапасын басқару бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

1999 жылдың желтоқсанынан 2000 жылдың маусымына дейін – бас маман – елордалық медициналық қызметтер басқармасының медициналық-талдау бөлімінің сарапшы-хирургі.

2000 жылдың маусымынан 2009 жылдың наурызына дейін іріңді хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдың наурызынан 2015 жылдың тамызына дейін хирургия кафедрасында хирург болды. 2015 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 2 көпсалалы медициналық орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *