Өздігінен жүретін автокөлік 5,5 мыңға жуық шақырымды бағындырды

61

Delphi компаниясының жүргізушісіз жүре беретін Roadrunner автокөлігі Калифорния штатының Сан-Франциско қаласынан Ньюй-Йоркке келіп, 5,5 мыңға жуық шақырымды бағындырды, деп хабарлайды Naked Science. 

Delphi ресми сайтында жазылғандай, аталған автокөлік үшін бұл АҚШ аумағындағы алғашқы ұзақ сапар болды. Roadrunner көлігі 22 наурыз күні саяхатқа шығып, тоғыз күн бой жолда болған. Көлік салонына отырып, саяхатқа аттанған компания өкілдері машинаның «жай-күйін» бақылап отырған.

«Автокөлік таулы-тасты жерлерден «сүрінбей» өтті, жүк көліктері мен кептеліс, жол бойындағы құрылыс жұмыстары да оған кедергі келтірмеді», — деп атап өтті компаниядағылар.

BNEWS.KZ