Ұлттық валюта бағамы 361 теңгеге дейін нығайды

65

photo_23888KASE қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша, доллардың бағамы 361,42 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта өткен жұмадағы саудалардың қорытындысында тіркелген көрсеткішке қарағанда 3 теңгеге нығайды. 29 қаңтардағы күндізгі сессияның қорытындысында шетел валютасының бағамы 364,33 теңгеге тең еді. 

Таңғы саудалардың бірінші келісімі 362 теңге бағасында өтті. Осы көрсеткіш максималдық болып тіркелді. Минималдық бағасы — 369,5. Айырбастау орындарында доллар бағамы 359-365 теңге аралығында.

Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі долларды сатып алу мен сатудың ауытқу шегі 6 теңгеге дейін кеңейетін қаулыны қабылдаған болатын. «Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары үшін — 6 теңге; 2) еуро үшін — 7 теңге болып белгіленсін», — делінген Ұлттық банктің қаулысында.

Дереккөз:Tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *