4f65433d7a7079b768cf4c45ef903450_resize_w_840_h_

Ғалымдар жасанды тері ойлап тапты

ФОТО: www.bbc.com

Америка ғалымдары көзге көрінбейтін жұқа қабықша ойлап тапты. Икемді қабықшаны теріге жапсыру арқылы беттегі әжімді азайтып қана қоймай, теріні жақсартуға да болады екен, деп хабарлайды BNews.kz.

Ғалымдардың айтуынша, теріге жапсырылған жұқа қабықша кепкеннен кейін жас адамның терісі секілді әсер береді. Америкалықтар жүргізген зерттеудің нәтижесі Nature Materials журналында жарияланған.

Қазір зерттеушілер бұл өнімді сатып, пайда табу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Ғалымдардың пайымынша, жасанды теріні болашақта күн сәулесінен қорғану үшін де кәдеге жаратуға болады.

Гарвард медицина институты мен Массачусетс технологиялық институтының бір топ зерттеушісі «екінші теріні» бірнеше адамның аяқ-қолына, көздерінің астына жапсырып, өз өнертабысын сынақтан өткізді.

Қабықша синтетикалық болғанына қарамастан, биологиялық теріге қатты ұқсайды және ауа өткізгіш қасиетке ие.

Ғалымдардың айтуынша, жасанды тері көзге көрінбейді, тер мен жаңбыр тамшысына да бүлінбейді, деп жазады ВВС.

Дереккөз:BNews.kz




Пікір қалдыру