АҚШ-та әуе шары құлап, 16 адам мерт болды (ФОТО, ВИДЕО)

АҚШ-тың Техас штатында әуе шары өртеніп, 16 жолаушы қаза болды. Бұл туралы апат болған Колдуэлл округінің шерифі мәлім етті, деп хабарлайды RT басылымы.

Апат болған орын © dailymail.co.uk

Шерифтің айтуынша, әуе шары жерден көтерілген соң 1 сағат өткенде өртенген. Себетте 16 адам болған. Олардың есімдері әзірге белгісіз. Бір ғана мәлім болғаны – әуе шарын пилот Скип Николс (Skip Nichols) пен аэростаттар шығаратын компанияның иесі мен бір қызметкері басқарған.

Николс апаттан бір апта бұрын жолаушылармен бірге түскен сурет

Редакцияға өз материалыңызды ұсыныңыз— сюжеттің серіктес авторы бол!




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *