Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне марапатталды

 «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдарда өзінің жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын, абыройлы шығармашылық қызметімне ерекшеленген бірнеше азамат Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесінің құрметіне мемлекеттік марапаттарға ие болды. «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Аманхан Әлім және «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» юбилейлік медалін өңірлеріне тақты.

IMG-20161220-WA0006 IMG-20161220-WA0007Kuandyk«Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, тәжірибелі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Нұрперзент Домбай «Ақпарат саласының үздігі» өңірлік белгісімен марапатталды. «Ұйғыр авази» газетінің аға  корректоры Юлдузай Симетованың ұзақ жылғы еңбегі ҚР ақпарат және коммуникациялар Министрінің Құрмет грамотасына лайық деп танылды.

Награда иелерін «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры, Редактолар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдірді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!




12 пікір “Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне марапатталды

  1. Бейбітгүл

    Ағаларымды алған марапаттарымен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін!

  2. Сауле

    Аманхан аға, марапатыңыз құтты болсын!!!

  3. Айткуль Байсеитова

    Өткірдің жүзіндей өткір сөздің иесі ақын Аға, құтты болсын!

  4. Асқар

    Өмірдің қайнаған ортасында жүретін ағаларым аман болсын!

  5. Сағыныш Намазшамова

    Еңбегіңіз еселі, марапатыңыз құтты болсын, Аманхан аға!

  6. Өмір Біләлұлы

    Нурперзент сонда ма? Мыкты журналист!

  7. Бағлан

    Еселі еңбектеріңіз бағаланып, үлкен құрметке ие болғандарыңыз құтты болсын! Марапаттарыңыз көбейе берсін!

  8. Қайдарып Мәлік Уәйісұлы

    Еңбектеріңізді бағалап,құрметтеп жатқандарына үлкен рахмет.Мерейлеріңіз үстем болсын!

  9. Максот Изимулы

    Əбеке! Наградаң құтты болсын! Соқырдың көзіндей жалғыз медаль жалтырап тұрмай, қатарына ордендер тізіле берсін! Қажекеңе «жу» деп айту қиын екен…

  10. Малик Кайдаров

    Қуaндық аға мен Аманхан мырза,марапаттарыңыз құтты болсын !

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *